ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

11 мамыр күні Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ғимаратында 20-дан астам ақтөбелік еріктілер марапатталды

11 мамыр күні Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ғимаратында 20-дан астам ақтөбелік еріктілер азаматтық белсенділік танытып, төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдарына көмек көрсеткені үшін марапаттады.

Азаматтық белсенділігі, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ішкі істер органдарының жұмысына көмек көрсеткені үшін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хатымен 4 ақтөбелік ерікті марапатталса, 19-ы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты түрде ішкі істер министрінің бұйрығын оқып, алғыс хаттарды  ПД бастығы Атығай Арыстанов табыс етті.

"Биылғы жыл Президент Жарлығымен еріктілер жылы болып жарияланды. Олардың арқасында біздің елімізде көп жұмыстар атқарылуда. Сіз бүгінгі күнге дейін көмекке мұқтаж адамдарға, азаматтарға қол ұшын созасыз. Соған сізге және сіздің ата-аналарыңызға шын жүректен алғыс білдіремін. Қиын уақытта ел үшін атқарған игі істеріңіз үшін ризамын. Сіз төтенше жағдай кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де көмек көрсететініңізді білемін, біздің қызметкерлерімізбен бірге сіз із-түссіз жоғалған адамдарды іздеуге атсалысып,  шын мәнінде біздің еліміздің патриоты екендігіңізді дәлелдедіңіз. Сіздерге жақсылық, қуаныш тілеймін және  игі істеріңіз сіздерге еселеп қайтсын ", - деді Ақтөбе облысының ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Өз кезегінде сенім артқаны үшін "Зеленло-поиск" тобының еріктісі Екатерина Голотина алғысын білдіріп, Ақтөбе облысы ПД бастығының алғыс хатымен марапатталды.

"Сіздің сеніміңіз үшін рахмет. Біз әрдайым іздеу және ТЖ кезінде қолдауға тырысамыз. Біз ынтымақтастыққа өте қуаныштымыз, әрдайым байланыста болған балаларға рахмет", - деді ол.

 

Дата публикации
13 мая 2020
Дата обновления
13 мая 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Сұхбат
14 июня 2022
Мемлекеттік қызмет келбеті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы