
Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнінің 75 жылдығы қарсаңында Ақтөбе облысының Полиция департаментінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 12 полиция қызметкері Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың медальдарымен, грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Облыс ПД-нің бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев ерекше көзге түскен патрульдік полиция қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларына грамоталар мен медальдарды салтанатты түрде табыстады.
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен учаскелік инспектор Вактов Нұржан марапатталды. ҚР ІІМ алғыс хатымен полицей-коваллерист Қуанышбек Файзулла және ҚР ІІМ Грамотасымен полицияның учаскелік инспекторы Бахтияр Жақыпов марапатталды.
Сонымен қатар, полиция лейтенанты алғашқы офицерлік погондары Ақтөбе қ. ПБ-ның патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Рамазан Маханов пен Нұрболат Сағыновқа тапсырылды.
Сонымен қатар үш патрульдік полиция қызметкеріне алғыс жарияланды.
Қанат Әлиев полицейлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, еліміз үшін осындай қиын уақытта қызмет еткендері үшін алғысын білдірді.
"Сіз күн сайын қауіпті инфекцияның алдын алу бойынша алдыңғы қатарлы орында тұрсыз, күні мен түні қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, қызметте тұрсыз. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында біз қаланың және облыстың көшелерінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтаймыз" - деді Қанат Әлиев.
Салтанатты іс-шарадан кейін, полиция қызметкерлері мереке күніне қарамастан, қаладағы қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және карантин режимін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруға аттанды.