ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында 30 сәуірде Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов көп балалы Жетесовтар отбасына барып, азық-түлік түрінде көмек көрсетті

Көп балалы отбасы Жетесовтар 21 баланы тәрбиелеуде, оның ішінде 18 бала патронатық және қамқорлыққа алынып тәрбиеленуде. Жетесовтар отбасындағы әр адам музыкалық аспапта ойнайды және "Шашу" ансамблі біздің облыста ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал болып келеді.

Көп балалы отбасына барған А. Арыстанов ата-аналарына балаларды тәрбиелегені үшін алғысын білдіріп, оларға бақыт тіледі.

"Ертең 1 мамыр - бірлік мерекесі. Елімізге бірлік, жақсылық тілеймін. Ауыр жағдайларға қарамастан, сіздің отбасыңыз елдің дамуына өз үлесін қосып, онлайн форматта концерттер өткізудесіз", - деді А. Арыстанов.

Өмірхан Жетесовтың жұбайы Алмагүл Ешпанова Полиция департаменті бастығына алғысын білдіріп, балаларын өнерге баулып, тәрбиелейтіндерін атап өтті. Карантин күндері бүкіл отбасы үйде, ал көптеген қамқорлық танытқан ақтөбеліктер азық-түлікпен көмектесуде.

Отбасылық ансамбль құрамындағы балалар ПД бастығына Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындады, ал 8 жасар Жарқынай Жетесова Жетіген аспабымен "Кербез керік" атты халық шығармасын ойнады.

Дата публикации
01 мая 2020
Дата обновления
01 мая 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Сұхбат
14 июня 2022
Мемлекеттік қызмет келбеті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы