ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні

қтөбе полициясы барлық уақытта көп ұлтты құраммен ерекшеленді. 
Олар: Калугин Юрий Петрович, Маруев Анатолий Андреевич, Телибеков Бахытбек Арықбайұлы, Усенко Анатолий Иванович, Даулеталин Ғалым Еликеевич, Саламов Насруди Сайталиевич, Хон Юрий Борисович және т.б. 
Олардың әрқайсысы еңбегі жайында кітап жазуға да болады.
Бүгінгі күні полиция қызметкерлері арасында әр түрлі ұлттардың өкілдері жұмыс істейді, олар өз Отаны мен туған жеріне адал және абыроймен қызмет етеді.
 
Учаскелік полиция инспекторы капитан Эльнур Исмаилов - ұлты Әзірбайжан азаматы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген, ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтын бітірген. Қазірде жеті жыл бойы #1 қалалық полиция бөлімінде қызмет етеді. 
 
Олар жұмыс жасайтын аумақта 4 мыңға жуық азамат тұрады, контингенті әртүрлі, маскүнемдер де, дебоширлер және бақылауды қажет ететін басқа да адамдар бар.
"Менің учаскемдегі карантинге байланысты отбасылық дебоширге деген шақырулар көп болды, - дейді Э. Исмаилов, - ал себебі, адамдардың уақытша жұмыссыз қалып, ішуден басқа амалдары қалмағаны екен".
Іс жүзінде ашылған қылмыстар аз емес.  
Мәселен, шамамен 2 жыл бұрын кешікпей "102" телефонына бір қоңырау келіп түсті. Жас жігіт қоңырау шалған, ол қатты толқып, "Спутник" ауданында белгісіз ер адам оны тапаншамен қорқытып, барлық ақшасын алып, кейін белгісіз бағытта бой тасалағанын хабарлады.  
Аталған факті бойынша келесі күні Эльнур өзінің іздеу әдістерін пайдалана отырып, тонаушының ізіне шығып, оны ұстады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты, өзімен бірге сол кешке жәбірленушіні қорқытқан пневматикалық тапаншасы болған.  Ұсталған азамат осы қылмысты мойындап, кейін сотталды.
 
Тағы бір қарақшылық шабуыл бірнеше жыл бұрын болған. Жалғыз басты зейнеткердің пәтеріне белгісіз ер адам кіріп, қорқытып, ірі қомақты көлемдегі ақшаны иемденген. 
Жәбірленушінің барлық зейнетақы жинақтары ашық түрде ұрланған. 
Эльнур Исмаилов өзінің әріптесі, учаскелік инспектор Бахтияр Жақыповпен бірге тергеу жұмыстарын жүргізе бастады және екінші күні күдіктінің ізіне түсті.  Полиция қызметкерлері ұсталған адамнан табылған жинақ нөмірін зейнеткердегі нөмірмен салыстырғанда, толығымен сәйкес келген.  
Осыдан кейін, ер адам жасаған қылмысы үшін сотталған.
 
"Маған қылмысты анықтап және оның ашылуына ат салысқан ұнайды - деді Эльнур Исмаилов, - менің тәжірибемде  тонаушылар да, алаяқтар да табуға тура келді. 
Өкінішке орай, көптеген адамдар сенімсіз жолмен алаяқтардың қармағына оңай түседі. Мысалы, жақында маған жергілікті тұрғын арызданған, ол жақында танысқан адамға тауар сатып алғаны үшін өз ақшасын берген, ал сол адам белгісіз бағытта бой тасалаған. Бірнеше күннен кейін біз күдіктіні  Жилянка ауданынан таптық".
Ағымдағы жылы Эльнур Исмаилов өз учаскесіндегі 8 қылмыстың басын ашты.
Ол жергілікті тұрғындар арасында құрметке және беделге ие, тұрғындардан алғыс хаттары мен басшылықтан марапаттаулары бар.
 
Дата публикации
05 мая 2020
Дата обновления
05 мая 2020
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Сұхбат
14 июня 2022
Мемлекеттік қызмет келбеті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы