Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Ақтөбе облысы Полиция департаменті (әрі қарай – ПД) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде
(бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.

Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Министр орынбасарының номенклатурасына,
сондай-ақ Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасына, Полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:

1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).

ІІМ және ПД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

- ПД аппаратына C-SVО-7 санаты;

- қалалық және аудандық полиция бөліністеріне С-SVR-8 санаты;

- арнайы мақсаттағы бөліністеріне C-SN-7 санаты;

- саптық бөліністеріне C-SSP-7 санаты.

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы қызмет өткеруді ұйымдастыру бөліміне хабарласуға болады, каб. № 111, 109, 113, 103 анықтама телефондары 8 (7172) 936-111, 936-262, 936-113, 936-185,
936-103, электрондық мекенжайлар d.nugumanov@mvd.gov.kz, zha.kakimgali@mvd.gov.kz, a.munatova@mvd.gov.kz.

Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

Ақтөбе облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы

 

Ақтөбе облысы ПД

бастығының орынбасары

полиция полковнигі

Р.Р. Апсеттаровқа

Баянат

Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

_____________________________

(лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)

Дата публикации
21 мая 2025