2020 жылғы 03 – 16 қараша аралығында Ақтөбе облысы ПД бөліністеріндегі бос лауазымдарға конкурс жариялайды

2020 жылғы 03 – 16 қараша аралығында Ақтөбе облысы ПД бөліністеріндегі келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

  1. Аудандық және қалалық бөлімдердің жедел уәкілі
  2. Аудандық және қалалық бөлімдердің тергеушісі
  3. Аудандық және қалалық бөлімдердің анықтаушысы
  4. Қалалық және аудандық бөлімдердің учаскелік полиция инспекторы

Талаптар: заңгерлік жоғары білімі, ДК білуі, бойы 170 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен немесе әскери даярлықтан өткен болуы қажет.

  1. Аудандық және қалалық бөлімдердің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі

Талаптар: жоғары немесе арнайы орта білімі (заңгерлік), ДК білуі, бойы 170 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен немесе әскери даярлықтан өткен болуы қажет.

  1. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы (қыздар)

Талаптар: жоғары немесе арнайы орта білімі (заңгерлік немесе дене тәрбиесі және спорт), бойы 170 см, 35 жастан аспаған, атудан және күрес жауынгерлік спорт түрлерінен спорттық кәсіби жетістіктері болуы қажет.

  1. Аудандық бөлімдердің Штаб инспекторы

Талаптар: заңгерлік жоғары білімі, ДК білуі, бойы 170 см, 35 жастан аспаған.

  1. Аудандық және қалалық бөлімдердің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы

Талаптар: заңгерлік, педагогика және психология жоғары білімі, дене тәрбиесі және спорт, ДК білуі, бойы 170 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен немесе әскери даярлықтан өткен болуы қажет.

  1. Патрульдік полициясы батальонының қызмет инспекторы және аудандық бөлімдердің патрульдік полициясы тобының инспекторы

 Талаптар: жоғары немесе арнайы орта білімі (заңгерлік немесе кәсіби техникалық), бойы 170 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен өткен, «В,С» санатты жүргізуші куәлігі болуы қажет.

  1. Аудандық және қалалық бөлімдердің Әкімішілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекциясы бөлімінің инспекторы

        Талаптар: білімі жоғары техникалық (жол қозғалысын үйымдастыру, көлік және көлік технологиясы), бойы 170 см, 35 жастан аспаған,  «В», «С» санатты жүргізуші куәлігі болуы қажет.

  1. Қабылдап - тарату орнының полицейі

Талаптар: білімі ортадан төмен емес, бойы 170 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен өткен.

  1. Айдауыл бөлімдердің полицейі

Талаптар: білімі ортадан төмен емес, бойы 170 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен өткен.

  1. Аудандық және қалалық бөлімдердің Тылдық қамтамасыз ету қызметінің полицей-жүргізушісі

Талаптар: білімі ортадан төмен емес, бойы 170 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен өткен, «В,С» санатты жүргізуші куәлігі болуы қажет.

  1. Аудандық және қалалық бөлімдердің ақпараттандыру және байланыс тобының технигі

Талаптар: білімі ортадан төмен емес, арнаулы-орта (ақпараттық жүйелері) білім болғаны тиімдірек, бойы 170 см, 35 жастан аспаған, міндетті түрде әскери қызметтеннемесе әскери даярлықтан өткен болуы қажет.

  1. Аудандық және қалалық бөлімдердің кинологиялық қызметінің кіші инспектор - кинологі

Талаптар: білімі ортадан төмен емес, бойы 170 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен немесе әскери даярлықтан, кинолог ретінде өткен болуы қажет.

 

Негізгі міндеттер: қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ескерту, қылмыстарды тергеу және ашу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру, құқық бұзушылықтардың алдын ала тергеуді, анықтауды, әкімшілік өндірістерді жүргізу.

 

Үміткерлерге жалпы талаптар: он сегіз жасқа толған, жеке моральдық, іскерлік, кәсіби сапасы бойынша қабілеттілігі, денсаулық жағдайы және физикалық дамуы, өзіне жүктелген міндеттерді орындау деңгейі. ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын білуі, мемлекеттік және қызметтік құпияларды қатаң сақтай білуі, патриоттық және интернационалдық тәрбиелігі, өзіне талап қоя білуі, өзінің ІІО-дағы болашақ қызметін жете түсінуі.

               

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін байқаушы кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсауық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды).

 

 

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру; 

- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

 - арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).

Үміткерлерді қабылдау күн сайын жүргізіледі

ПД Кадр саясаты басқармасы (каб №101, 103, 109, 113).

 

 

 

03 – 16 қараша аралығында Ақтөбе облысы ПД бөліністеріндегі келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды
Дата публикации
02 ноября 2020