«ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2019 жылдың қорытындысы»

Ақтөбе облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен 2019 жылдың 12 айында  тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл бойынша жедел іс-шаралар жүргізілді.

Тіркелген құқықбұзушылық бойынша барлығы ішкі істер органдырынан теріс себептермен 36 қызметкер шығарылды, тәртіптік сипаттағы түрлі жазаларға 41 басшы тартылды.

 Полиция департментінің жеке құрамына полиция қызметкерлерімен ұсталғанын, соттардың айыптау үкімдерін, олардың бас бостандығынан айыру  орындарындағы өмірін көрсететін материалдарына негізделіп әзірленген деректі фильм көрсетілді.

- Бұрмалау фактілерін болдырмау мақсатында ППБ және ППР қызметкерлеріне мысалдар келтіре отырып, осы бағыттағы атқарылған жұмыстар туралы   жеке құрамның мәліметіне  жеткізілді.

         Апта сайы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық жағдайы бойынша шолулар жолданды.

2019 жылдың 25 қыркүйегінде, Қазақстан Республиксының Ішкі істер министрінің орынбасарының нұсқауына сәйкес, ПД бастығы   А. Арыстановтың  төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Ашықтық. Айқындық» туралы дөңгелек үстел өткізілді.    Жүргізілген іс-шарада Мемлекет басшысының жолдауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен арасындағы ынтымақтастық туралы 2019-2020 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша қабылданған  шаралар бойынша талқылау жүргізілді.

Ұйымдастырылған іс-шарада, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік қызмет агенттігі департаментінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, облыстық және қалалық маслихат депутаттары, ҚАЖД, ТЖД, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ПД консультативтік-кеңесші органдарының қызметкерлері  қатысты.

ПД ӨҚБ және ЖҚИ қызметкерлерінен құрылған топпен бейнетіркеу арқылы түрлі бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдттік іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілді.  

ПД жеке құрам арасындағы тәртіппен заңдылықты бұзудың алдын-алу бойынша жеке құрам инспекциясы  тұрақты негізде рейдттік іс-шаралар өткізді.

Дата публикации
06 марта 2020