Ақтөбе облысының Полиция департаменті 2020 жылғы 06 – 19 ақпан аралығында Ақтөбе облысы ПД бөліністеріндегі келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Ақтөбе облысының Полиция департаменті

 

030000, Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі 271 А

тел.8/7132/936103, 936171, 936109, 936113, факс: 520523

2020 жылғы 06 – 19 ақпан аралығында Ақтөбе облысы ПД бөліністеріндегі келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

  1. Аудандық және қалалық бөлімдердің Әкімішілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекциясы бөлімінің инспекторы

        Талаптар: білімі жоғары техникалық (жол қозғалысын үйымдастыру, көлік және көлік технологиясы), бойы 170 см, 35 жастан аспаған,  «В», «С» санатты жүргізуші куәлігі болуы қажет.

  1. Аудандық және қалалық бөлімдердің анықтаушысы
  2. Аудандық және қалалық бөлімдердің учаскелік полиция инспекторы

Талаптар: заңгерлік жоғары білімі, ДК білуі, бойы 170 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен немесе әскери даярлықтан өткен болуы қажет.

  1. Аудандық бөлімдердің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы

Талаптар: заңгерлік, педагогика және психология жоғары білімі, ДК білуі, бойы 170 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен немесе әскери даярлықтан өткен болуы қажет.

  1. Патрульдік полициясы батальонының қызмет инспекторы және аудандық бөлімдердің патрульдік полициясы қызмет инспекторы

 Талаптар: жоғары немесе арнайы орта білімі (заңгерлік немесе кәсіби техникалық), бойы 175 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен өткен, «В,С» санатты жүргізуші куәлігі болуы қажет.

  1. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының полицей-жүргізушісі

  Талаптар: орта немесе арнайы орта білімі, бойы 175 см, 35 жастан аспаған, әскери қызметтен немесе әскери даярлықтан өткен болуы қажет, атудан және күрес жауынгерлік спорт түрлерінен спорттық кәсіби жетістіктері болуы қажет.

       Негізгі міндеттер: қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ескерту, қылмыстарды тергеу және ашу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру, құқық бұзушылықтардың алдын ала тергеуді, анықтауды, әкімшілік өндірістерді жүргізу.

      Үміткерлерге жалпы талаптар: он сегіз жасқа толған, жеке моральдық, іскерлік, кәсіби сапасы бойынша қабілеттілігі, денсаулық жағдайы және физикалық дамуы, өзіне жүктелген міндеттерді орындау деңгейі. ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын білуі, мемлекеттік және қызметтік құпияларды қатаң сақтай білуі, патриоттық және интернационалдық тәрбиелігі, өзіне талап қоя білуі, өзінің ІІО-дағы болашақ қызметін жете түсінуі.

            Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін байқаушы кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

                                                                 

Үміткерлерді қабылдау күн сайын жүргізіледі

ПД Кадр саясаты басқармасы (каб №103, 109, 113)

 

Дата публикации
10 февраля 2020