Облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымы аясында бағытталған іс-шара өткізу барысында, 298 құқық бұзушылық тіркелді

     Қазақстан Республикасының нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күреске арналған Стратегиясын, Ақтөбе облыстық ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері нашақорлықтың тарауы мен есірткінің заңсыз айналымға түсуін жою жөнінде «Ақтөбе қалалық ішкі саясат» ММ, облысымыздағы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы», Ақтөбе облысының наркологиялық диспансері және «СПИД Орталығы», мемлекеттік емес органдармен, «Нашақорлықтың алдын алу жөнінде жастарды жұмылдыру» жобасына қатысушы студенттермен бірігіп нашақорлықтың алдын алу бағытында іс-шараларды қолға алып, жұмыстарды жүзеге асырды.

      2020 жылдың 11 айы қорытындысы бойынша, облыс  аумағында  есірткінің заңсыз  айналымы аясында бағытталған іс-шара өткізу барысында, 298 құқық бұзушылық тіркелді (2019ж.-171), яғни 215 теріс қылық(2019ж.-116), 83 қылмыс (2019ж.-55),   оның ішінде 46 есірткі сату қылмысына байланысты болса (2019ж.-19), 7 аса ірі көлемде есірткі затын сақтау дерегі анықталып (2019ж.-3), нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымынан барлығы  516 кг. 032 грамм есірткі заты алынды (2019ж.-476 кг. 414гр).

     Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні (26 маусым) қорсаңынде өңірлік деңгейде акциялар өткізу бойынша:

          2020 жылғы 6-7 маусымда  сағат 10:00 ден 14:00-ге  дейін аталған іс-шара аясында Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығының, Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының, медицина қызметкерлерінің, наркологтардың, СӨСҚО мен «Қазақстан жастары Альянсының», жергілікті және республикалық  БАҚ өкілдерінің қатысуымен

       «Ақтөбе облысының Полиция департаменті бастығының кубогы» үшін шағын футболдан «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты ашық турнир өткізілді.

         Акция барысында «Кёкушинкай» және «Көкжал» спорттық клубтарының спорт шеберлері өнер көрсетті. Балаларға арналған «Есірткіге «ЖОҚ» де!» атты сурет салудан байқау өткізілді.

        Өткізілген акция барысында ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлерімен «Ақтөбе қалалы Есірткісіз болашақ» және «Біз әрқашан көмекке келеміз» деген жазуы бар бейсболкалар мен футболкалар таратылды.

       Акцияға қатысушылар мен еріктілерге Ақтөбе обласы ПД бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Алғыс хаттар табыстады.

         Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында нашақорлыққа қарсы бағытталған 3х6метр өлшеміндегі 4 баннер жасалып, қаланың орталық көшелеріне орналастырылды. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының жергілікті телеарналарында ҚР ІІМ  ЕҚҚІҚД-нің әзірлеген бейнероліктері көрсетілді, Ақтөбе қаласының қоғамдық орындарында орналасқан LED-экрандарда 20 бейнеролик көрсетілуде. «Ақтөбе қаласы - Есірткісіз болашақ» деген жазуы бар 400 бейсболкалар мен футболкалар дайындауға  тапсырыс берілді.

      «Қарасора-2020» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында анықталған нашақорлық қылмыстар туралы 13 материал бұқаралық-ақпарат құралдарына жіберілді, оның 4-еуі респубикалық БАҚ-та жарияланды.

         Жалпы алғанда, Ақтөбе облысы ПД ЕҚҚІҚБ нашақорлықтың алдын алу және ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің қызметкерлері алға қойылған тапсырмаларды талапқа сай орындап, нашақорлықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар. Дегемен, Ақтөбе облысында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысын карантиннің күйшетілун жоспарда көзделген бірқатар іс-шараларды өткізу мүмкін болған жоқ.

Дата публикации
05 марта 2021