Полицейлер ақмолалықтардан психикалық ауытқуы бар жоғалған әйелді іздеуде көмек сұрайды

Полицейлер ақмолалықтардан психикалық ауытқуы бар жоғалған әйелді іздеуде көмек сұрайды

2025 жылғы 02 сәуірде Аршалы ауданының полиция бөліміне 46 жастағы әйелден пансионаттың пациенті Жанара Кемелбекқызы Сыбанбаева (28.07.1986 жылы туған) 2025 жылғы 02 сәуірде сағат 13:00 шамасында ауданның жергілікті ауылдарының бірінің пансионатынан белгісіз бағытта кеткені туралы өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта оның орналасқан жері белгісіз. Жеке іздеулер нәтиже бермегендіктен, полициядан көмек сұрау туралы шешім қабылданды.
Полицейлер бірден оңалту орталығына келді. Белгілі болғандай, әйел психикалық бұзылулардан және есте сақтау қабілетінің төмендеуінен азап шегеді. Ол әрқашан байсалды болып, алаңдатушылық тудырмады, бірақ серуендеу кезінде жоғалып кетті.
Жанара қызғылт-сары түсті сырт киім, сұр түсті спорттық шалбар және күрең қызыл түсті тәпішке киген. Оның үстінде жылы маусымдық киімдер болған жоқ.
Осы факті бойынша Аршалы ауданы полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағдарланды, сондай-ақ Ақмола облысы Полиция департаментінің барлық құрылымдары бойынша бағдарлар жіберілді. Бағдарлар Астана мен Қарағанды облысының көршілес полиция департаменттеріне де жолданды. Жоғалған адамның суреті Аршалы ауданының әлеуметтік чаттарында, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер (WhatsApp, Instagram) арқылы таратылды.
Іздеу үшін 11 адамнан тұратын полиция қызметкерлері мен "Асар-Астана" АҚ еріктілері тартылды. Қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасуда. Сондай-ақ, дрондарды пайдалану және қосымша еріктілерді тарту жоспарлануда.
Полиция 102 арнайы желісіне немесе жақын маңдағы полиция бөліміне қоңырау шалу арқылы жоғалған адамның орналасқан жері туралы кезкелген ақпаратты хабарлауды сұрайды.