Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тіркелмеген атыс қаруының 11 бірлігін тәркіледі

Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тіркелмеген атыс қаруының 11 бірлігін тәркіледі

Ақмолалық тәртіп сақшылары 25-27 тамыз аралығында өтетін «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.

Рейдке 600-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды, арнайы жұмыс топтары құрылды, оған әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары кірді.

Өткен кезеңде заңсыз айналымнан 11 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 8 бірлік тегіс ұңғылды қару және 3 бірлік травматикалық қару алынды. Тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүргені және сақтағаны үшін 24 құқық бұзушы ұсталды.

Мысалы, 26 тамызда Сандықтау ауданында 35 жастағы тұрғыннан рұқсат беретін құжаттарсыз "ИЖ-16" маркалы бір ұңғылды аңшылық қаруы табылды. Алынған қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Жақсы ауданында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде рұқсат құжаттарынсыз 12 калибрлі "ИЖ-43 м" маркалы тегіс ұңғылды қару анықталды. Сараптама тағайындалды

Ауданда қаруды заңсыз сақтаудың тағы бір фактісі анықталды. Біржан сал ауданы Степняк қаласының 35 жастағы тұрғынының "Super P-35"маркалы травматикалық тапаншасы табылып, тәркіленді. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, Ақкөл ауданы тұрғынының рұқсат құжаттарынсыз сақталған аңшылық ойық қаруға арналған оқ-дәрі табылды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Жалпы, 2 күн ішінде 1128 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл ұсақ бұзақылық жасау, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуы және алкоголь өнімін сату талаптарын бұзу, қорғау нұсқамасын бұзу және тағы басқалар.