
Бүгінгі таңда Ақмола облысы ПД ювеналды полиция есебінде 835 тұрмысы төмен ата-ана тұр.
Белгілі болғандай, алдағы жаңа оқу жылында барлық балалар қашықтықтан білім ала бермейді. Осыған байланысты жаңа оқу жылы қарсаңында Көкшетау қ.ПБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында көп балалы, аз қамтылған, қайырымдылық көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін жасады.
Сонымен қатар, есепте тұрған отбасыларға демеушілік көмек көрсету Ақмола облысы аумағындағы ювеналды полицияның барлық аудандық бөлімдерінде ұйымдастырылды, ал оны өткізуге Полиция департаментінің барлық құрылымдары мен бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылды, кеңсе тауарларын, мектеп керек-жарақтарын, киім-кешек пен мектеп формасын сатып алу жүргізілуде.
Балалардың оқу жылының басталуына дайындығы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың мектеп сабақтарына қатысуы әрқашан ювеналды полиция бөлімшелерінің бақылауында болады. Өйткені, оқуды жіберіп алған немесе мектепке мүлдем бармаған балалар көбінесе бақылаусыз қалады. Осыған байланысты олар қылмыстың құрбаны бола алады немесе заңсыз әрекетке қатыса алады.
Тәртіп сақшылары профилактикалық есепте тұрған бірнеше отбасына барды. Инспекция барысында тәртіп сақшылары ата-аналармен және олардың балаларымен отбасындағы микроклиматты сауықтыруға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңға бағынатын мінез-құлқына бағытталған профилактикалық әңгімелер өткізді.