Көкшетау полицейлері кезекші тәулікте қымбат велосипед ұрлығын ашты

Көкшетау полицейлері кезекші тәулікте қымбат велосипед ұрлығын ашты

Көкшетау қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Кинологиялық орталықтың кинологы Арман Дүйсенбаймен және Альфа есімді қызметтік итпен бірлесіп, жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірнеше сағат ішінде паркингтен ұрланған велосипед табылды.
Екі доңғалақты көліктің иесінің айтуынша, ол әдеттегідей "SKOTT" маркалы велосипедін үйдің паркингінде қалдырған, бірақ сәл кейінірек оның жоғалып кеткенін анықтады. Қала тұрғыны ұрлық туралы дереу полицияға хабарлады.
Өтініш келіп түскеннен кейін жедел қызметкерлер ұрлаушыны ізін суытпай ұстау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуге кірісті. Велосипедті ұрлау фактісі бейнебақылау камералары түсіріп, зиянкестің қай бағытқа бет алғанын көрсетуге неміс иті Альфа көмепктесіп, дұрыс бағытты көрсетті.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, ұрлық жасалғаннан бірнеше сағат өткен соң, велосипед табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Көкшетаудың 30 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полицейлер облыс тұрғындарына ескертеді: сақ болыңыз, әсіресе үйлердің кіреберістерінде немесе аулаларда велосипедіңізді қараусыз қалдырмаңыз. Тіпті домофонның болуы екі доңғалақты көлік қаскүнемдердің олжасына айналмайтынына кепілдік бермейді.
Егер велосипедті қалдыру керек болса, алдымен оның беріктігіне көз жеткізіп, оны сенімді құлыппен бекіту керек. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары велосипедті "қолдан", әсіресе арзан бағамен сатып алмауға кеңес береді, өйткені ол ұрланған болуы мүмкін. Өз мүлкіңізге сақ болыңыз!.