Мошенничество под предлогом снятия пенсионных накоплений расследуют полицейские Акмолинской области.

Мошенничество под предлогом снятия пенсионных накоплений расследуют полицейские Акмолинской области.

Облыс ПД қызметкерлеріне "AFTOS" ЖШС көлік компаниясының директорынан алғыс түсті. "Сәлеметсіз бе! Менің атым Нұркен. Көктемгі табиғи апат кезінде біз зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті Петропавл қаласына алып бардық. Қайтар жолда (7 мамырда) сіздің Жол учаскеңізде біздің жүргізушіміз кенеттен өзін нашар сезініп, микроинсульт алды. Полиция қызметкерлері аға лейтенант Евгений Дик пен Бүркіт Алшынбаевтың арқасында зардап шеккенге уақтылы көмек көрсетілді, содан кейін ол жақын маңдағы аурухана пунктіне жеткізілді..."- деп атап өтті компания директоры.
Белгілі болғандай, Ақмола облысы ПД ППБ қызметінің инспекторлары полиция аға лейтенанттары Евгений Дик пен Бүркіт Алшынбаев "Екатеринбург-Алматы" а/ж патрульдеу барысында жол жиегінде тұрған жүк көлігін байқаған. Ойланбастан, олар көліктің тоқтау себебін анықтауға шешім қабылдады. Кейін белгілі болғандай, 60 жастағы жүргізуші өзің нашар сезінді, мүмкін қысымы көтерілді. Жақын жерде жүргізушінің жиені ауруханаға жеткізу үшін жолда көліктерді тоқтатуға тырысқан. Жағдайды бағалай отырып, тәртіп сақшылары дереу науқасты қызметтік көлікке отырғызып, бірден ауруханаға жеткізді, онда оған инъекция жасалып, сезімге келтірілді. Кейін ол қайтадан көлікке жеткізіліп, демалуға және содан соң өз жолын жалғастыруды кеңес берілді. Жағдайды бақылау үшін бірден телефон нөмірлерімен алмасты.
«Жүргізуші өзің өте нашарсезінді. Біз ойланбастан оны дереу қабылдау бөліміне апардық. Мұндай жағдайлар бізде күн сайын дерлік орын алады. Әрбір мұқтаж адамға көмек көрсетуге тырысамыз. Әрине, бізге алғыс айтқанты ұнатамыз-біреу әлеуметтік желілер арқылы рахмет айтады, біреу басшылыққа жазады. Қызмет ету және азаматтарымызға көмектесу – біздің тікелей міндетіміз».
«...Көрсетілген көмек пен жүргізушімізбен болған жағдайда тиімді әрекет еткендері үшін алғысымды білдіргім келеді, бұл ықтимал жағымсыз салдардың алдын алуда шешуші рөл атқарды! Құрметпен, Нұркен Раманқұл», - деп қорытындылады зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті ұйымдастырушы.