Ақмола полицейлері электр желілік компанияға тиесілі "Нива" автокөлігін айдап әкету фактісін бірнеше минут ішінде ашты

Ақмола полицейлері  электр желілік компанияға тиесілі "Нива" автокөлігін айдап әкету фактісін бірнеше минут ішінде ашты

Ағымдағы  жылдың 20 маусымында елордалық аумақта орналасқан патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне электр тарату желісі компаниясының қызметкері айдап әкету туралы арызбен жүгінді. Өтініш берушінің айтуынша, белгісіз тұлғалар Целиноград ауданының Ақмол а. қосалқы станциясының жанында орналасқан "Нива" маркалы қызметтік автокөлікті айдап әкеткен. Оқиға туралы полицейлер дереу полиция бөліміне хабарлап, өздері ұрлаушыны іздеуге және ұстауға кірісті.

Взвод командирі Кәрімов Медет, рота инспекторлары Азамат Балғожин мен Әділбек Боранбаевтың  үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде бірнеше минут ішінде ұрланған автокөлік табылды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Айдапәкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде 37 жастағы жергілікті тұрғынның қатысуы тексерілуде.