
Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 19 маусымынан бастап Ақмола облысының аумағында "Нелегал-2023" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, оның шеңберінде 300-ден астам жеке құрам жұмылдырылды.
Ақмола облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлерімен ЖАІШ-ның бірінші күні 104 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша шетелдік азаматтарға қатысты 71 хаттама жасалды, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша 26 қабылдаушы жазаланды.
Мәселен, ағымдағы жылдың 19 маусымында жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Көкшетау қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының аумағында Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынғанын біле отырып, өткізу пункттерінен тыс мемлекеттік шекарадан өткен шетелдік азаматты анықтады.
Полиция басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК 392-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.