
Ағымдағы жылдың 20 мамырында Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті ауылдардың бірінің 63 жастағы тұрғынынан ағымдағы жылдың 5-16 мамыры аралығында белгісіз адамдар Вознесенка ауылындағы шағын сүт зауытының үй-жайынан әйнекті сындыру арқылы өнеркәсіптік сепараторды ұрлап әкеткені туралы өтініш келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері сүт зауыты уақытша жұмыс істемейтінін және біраз уақыттан бері жабық тұрғанын, күзет болмағанын анықтады. Залал сомасы 1 млн теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 34 жастағы ер адамды анықтады, қазіргі уақытта оның қылмысқа қатысы тексерілуде. Істің өзге мән-жайлары анықталуда.
Бұл факт ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі ("ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу әрекеттері жалғасуда.