
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Целиноград ауданында белгісіз адамдар есірткі заттарын жасырып салатындары, одан кейін есірткі Көкшетау қаласына жеткізілетіні туралы ақпарат алды.
2023 жылдың қаңтарында жедел уәкілдер 23 жастағы астаналық тұрғынды анықтады, рұқсатсыз жеке тінту барысында одан жалпы салмағы 29,95 грамм мефедрон психотроптық зат пен 30 "жасырып салулар", сондай-ақ ұялы телефон табылып, тәркіленді, оның көмегімен ұсталған адам қылмыстық әрекетті жүзеге асырған, яғни есірткі заттарын жасырып салған орындарды суретке түсіріп, геолокациясын белгілеп, кураторына егжей-тегжейлі есеп жасап, жіберіп отырған.
Ағымдағы жылдың 20 ақпанында сарапшының қорытындысы дайын болғаннан кейін жасырып салушы ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталды.