Полицейлер мен волонтерлер Көкшетау тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы еске салды.

Полицейлер мен волонтерлер Көкшетау тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы еске салды.

5 наурызда "Сауықты бақылау" жедел – алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетау қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Феникс" орталығының еріктілерімен бірлесіп, облыс орталығының аса белсенді учаскелерінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін түсіндіру акциясын өткізді.

Осындай акцияның басты мақсаты-жол қозғалысының барлық қатысушыларына ЖҚЕ мүлтіксіз сақтау және жол-көлік оқиғаларының себебі немесе құрбаны болмау қажеттілігі туралы тағы да еске салу.

Акция қатысушыларын қарсы алу пункті вокзал маңы алаңы болды. Дәл осы жерде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көптеген автомобильдер бар. Полиция қызметкерлері мен балалар таксистермен әңгімелесіп, оларға жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін пайдалану және көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон арқылы сөйлесуге жол бермеу қажеттігі туралы еске салатын жадынамалар мен брошюралар табыс етті.

Айта кету керек, биылғы жылы полиция қызметкерлері 640 жылдам жүретін әуесқойды және белгіленген жылдамдық режимін бұзған адамды жауапкершілікке тартты, әкімшілік хаттамалар басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланатын 685 жүргізушіге және қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін 1377 жүргізушіге қатысты жасалды.

Жаяу жүргіншілер назардан тыс қалмады. Өкінішке орай, жол қозғалысына қатысушылар бола тұра, жаяу жүргіншілер көбінесе ЖКО құрбаны болады: тек осы жылы Ақмола облысының аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы орын алды. Олардың үшеуі зардап шеккендердің кінәсінен болған. Жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін барлығы 2077 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.

Жаяу жүргіншілер өткелінің жанында еріктілер мен полицейлер қала тұрғындарына жолды дұрыс кесіп, қозғалып келе жатқан көлік дөңгелегінің астына түспейтінін тағы да еске салды.

Бір сағат ішінде акция қатысушылары вокзал маңы алаңында, орталық әмбебап дүкені аумағында, Тәуелсіздік алаңы мен Абай көшесінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер мереке күндері патрульдік полиция экипаждары қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшетінін атап өтті. Тәртіп сақшылары өңір аумағында жол – көлік оқиғаларының, әсіресе алкогольден немесе есірткіден масаю күйіндегі жүргізушілердің кінәсінен алдын алу мақсатында "Сауықты бақылау" жедел–алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Ағымдағы жылы облыс жолдарында 143 мас жүргізуші ұсталды, оның 116-ы ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 27 жүргізуші осы бұзушылықты қайталап жасаған ҚР ҚК 346-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ағымдағы жылы полицейлер 8 512 жол қозғалысы ережесін бұзғанын анықтады, 51 жүргізуші басқару құқығынан айырылды.

Полиция қызметкерлері Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтарын жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды, жолдарда сақ болуды сұрайды.