
425 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты ұрлауды полиция қызметкерлері ашты. Ақмола криминалистері қол іздері мен фотоесептер бойынша қылмыстарды ашу кезінде дактилоскопия мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады.
Мәселен, ағымдағы жылдың қараша айында полиция қызметкерлері 2019 жылдың тамыз айында жасалған ұрлықты аша алды, ол кезде Щучинск қаласындағы қонақ үй нөмірлерінің бірінде жәбірленушіден 425 мың теңге көлемінде ақша ұрланған болатын.
Аталған факті ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Тексеру кезінде оқиға орнынан криминалис мамандарымен қол саусақтары іздері, шайындылар мен микро түйіршіктер анықталып, алынды.
2021 жылы қылмыстық есепке алу базасын жаңа деректермен толықтыру нәтижесінде, жаңадан алынған саусақ іздерінің қолда бар саусақ іздерімен сәйкестігі анықталды. Осының арқасында курорттық қала қонағынан ақша қаражатын ұрлады деген күдікпен Бурабай ауданының 31 жастағы тұрғыны анықталды.
Полиция саусақ ізі арқылы қылмыскерді кез-келген уақытта, тіпті қылмыс жасалғаннан кейін де анықтауға болатындығын айтады.