
Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Жедел уәкілдер 2019-2021 жылдар аралығында екі жыл бойы белгісіз ер адам зорлық-зомбылық жасау қатерін төндіріп арқылы жәбірленушіден ақша талап еткенін анықтады. Күдікті талап еткен ақшалай төлемнің мөлшері 100-ден 500 мың теңгеге дейін құбылып отырған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 24 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі "Қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.