Ақмола полицейлері "Назар аударыңыз, балалар!" жедел алдын алу шарасы аясында күшейтілген режимде қызмет көрсетуде

Ақмола полицейлері "Назар аударыңыз, балалар!" жедел алдын алу шарасы аясында күшейтілген режимде қызмет көрсетуде

Ағымдағы жылдың 23-31 тамызы аралығында Ақмола облысының аумағында "Назар аударыңыз – балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі басталды.

   Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында полиция қызметкерлері түрлі акциялар ұйымдастырды, атап айтқанда, "Сіздің жолаушыңыз-бала!" іс-шара барысында көлік құралдарының жүргізушілеріне балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстау құрылғыларын міндетті пайдалану туралы түсіндірілді, сондай-ақ тиісті ақпараты бар буклеттер табыс етілді.

Жалпы, өткен кезеңде жедел алдын алу іс-шарасы барысында 363 жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі, оның ішінде 86 жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу фактісі, 34 жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу фактісі, 232 қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау фактісі, оның ішінде 32 балаларды ұстау құрылғыларын қолданбау анықталды.

Балалардың жол-көлік жарақатын азайту мақсатында Әкімшілік полицияның аумақтық бөлімшелері Ақмола облысының қалалары мен елді мекендеріндегі 321 жалпы білім беретін мектептер мен оқу орындарына жақын орналасқан көше-жол желісіне кешенді тексеру жүргізді.

 Тексеру нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға оларды жоюға ұйғарымдар берілді. жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары алдыңғы екі ай ішінде жүргізілгенін айта кету керек.

Дайындық кезеңінде 50-ден астам жол белгілері 10 жасанды тегіс емес орнатылып, ауыстырылды, атап айтқанда, Атбасар қаласының көше-жол желісінде тиісті жол белгілері мен жасанды тегіс емес 2 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі жайластырылды. Тиісті жұмыстар Степногорск, Щучинск және Көкшетау қалаларында жүргізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасының дайындық кезеңі жалғасуда.