
Ауа райының жылуымен облыста балалармен байланысты үш жазатайым оқиға тіркелгені туралы полицейлер дабыл қағуда...
Жазғы кезеңнің басталуына байланысты пәтерлердің терезелері ашық болғанда және балалар ата-аналарының қарауынсыз қалғанда, көп пәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету проблемасы ерекше өзекті болып отыр.
Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында балалардың терезеден құлауының үш жағдайы тіркелді. Екі жағдайда балалар тірі қалды, түрлі жарақаттармен ауруханаларға жатқызылды, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Алайда үшінші жағдай екі жасар бала үшін жазатайым болды.
Мәселен, ағымдағы жылдың 14 мамырында шамамен сағат 18.55-те Көкшетау қ. ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшерінен Абылай хан даңғылындағы үйдің ашық терезесінен қарап тұрған баланың абайсызда құлап кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Осы оқиғаға байланысты полицейлер ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша 2019 жылғы 28 маусымда туған жас баланың 7-қабаттағы ашық терезеден құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі іс бастады.
Полиция қызметкерлері тағы да ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауын ескертеді. Қарапайым ережелерді есте сақтау керек: бала терезеге көтеріле алмайтындай етіп барлық жиһазды ашық терезелерден алыстатыңыз. Москиттік торларға сеніп керек емес. Олар балаларды құлаудан қорғамайды. Терезелерге арнайы бекіткіштер орнатып, балалармен әңгімелесу керек.