Ақмолалық полицейлер бөтен үйге кіріп, тоңазытқышты босатқан ер адамды анықтады

Ақмолалық полицейлер бөтен үйге кіріп, тоңазытқышты босатқан ер адамды анықтады

2021 жылғы 12 мамырда сағат 12.53-те Шортанды АПБ кезекші бөліміне Петровка ауылының 51 жастағы тұрғынынан 06.05.21 ж. - 10.05.21 ж. аралығында белгісіз тұлға аспалы құлыпты бұзу жолымен оның үйіне заңсыз кіргені, бір бөтелке шарап ішіп, азық-түлікті жеп кеткені туралы арыз келіп түсті.
Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 149-баптың 2-бөлігі "Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу" бойынша сотқа дейінгі іс бастады.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, үйді толық тексеріп, қылмыс орнында саусақ іздерін алды, барлық көршілерден сұхбат алды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жәбірленушінің 48 жастағы ауылдасын анықтады. Ер адам өз кінәсін мойындады, ол үй иесінің жоқтығын пайдаланып, үйге кіріп көргенін және тоңазытқыштағы тамақтың бәрін жеп кеткенін айтты.