Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының кейбір автожолдарында қозғалыс тоқтатылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының кейбір автожолдарында қозғалыс тоқтатылды

4 наурызда сағат 10: 00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (жел, боран және көрінудің шектелуі) Ақмола облысындағы автожолдардың кейбір учаскелеріндегі қозғалыс полиция қызметкерлерімен жабылды.

Сандықтау ауданы:

1) "Балкашина-Шаңтөбе" а/ж»;

2) "Петровка-Остогорка - Мариновка" а/ж»;

3) "Көкшетау-Атбасар-Веселое" а /ж»;

Сонымен қатар 4 наурызда сағат 11:00-ден бастап "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" (Нұр - Сұлтан қаласы - Павлодар облысы) және "Екатеринбург – Алматы" (Жақсы кенті-Нұр-Сұлтан қаласы) автожолдары жабылды.

Полиция қызметкерлері көлік құралдарының барлық жүргізушілерінен жолдарда, әсіресе балалар оқу орындарының жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтауды және басқа да жол қозғалысы ережелері талаптарын орындауды сұрайды. Ақмола облысы тұрғындарының патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындауын сұраймыз.