Ақмола облысының Полиция департаментінде сенім телефоны жұмыс істейді

Ақмола облысының Полиция департаментінде сенім телефоны жұмыс істейді

Ішкі істер органы қызметкерлерінің тарапынан қылмыстық құқық бұзушылықтар және заңдылық пен тәртіпті өзге де бұзушылықтар туралы азаматтардың хабарламаларын қабылдау үшін Ақмола облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында сенім телефоны жұмыс істейді. Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне тап болған азаматтар 25-03-60 телефонына хабарласа алады немесе 8-778-198-23-29 нөміріне Whats Арр мессенджері арқылы жаза алады.
Сенім телефоны ұзақ уақыт бойы жұмыс істейді және тәртіпті бұзудың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиімді шаралардың бірі болып табылады. Сенім телефонына келіп түскен барлық өтініштер арнайы журналда тіркеледі. Бұдан әрі тиісті қызметтер қызметтік тексерулер жүргізеді. 2020 жылы ӨҚБ сенім телефонына 108 хабарлама келіп түсті.