
Бүгінгі таңда қылмыстың кең таралған түрлерінің бірі-ұрлық. Жануарлардың иелеріне ең ауыр тиетін және айтарлықтай шығын тулыратын, әрине ірі қара малды ұрлау болып табылады, өйткені келтірілген залал жүздеген мың теңгеге есептеледі. Ірі қара мал көбінесе жеке тұлғалардың аулаларынан, жайылымдардан ұрланады. Қылмыс жасаған кезде автокөлік құралдары жиі пайдаланылады.
Сонымен қатар, меншік иелері көп жағдайда малдарын қараусыз, көбінесе байлаусыз қалдырады. Мысалы, ағымдағы жылдың 4 қарашада Біржан сал ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті ЖШС бірінің директорынан ірі қара малды қайта есептеу кезінде «Абердин Ангус» тұқымды 2 бас ІҚМ жетіспейтіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Сәтсіз тәуелсіз іздеулерден кейін кәсіпкер полицияға жүгінуге шешім қабылдады. Полиция анықтағандай бұл ірі қара мал еркін жайылымнан жоғалып кетті. Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 188-1-б. 1-бөлігі бойынша «мал ұрлығы» бірден сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Полиция қызметкерлері куәгерлермен сұхбаттасып, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді, полиция есебінде тұрған аудан тұрғындарын тексерді. Жақын маңдағы ормандар мен көрші жерлер қаралды. Іздеу шараларының нәтижесінде жоғалып кеткен мал Біржан сал ауданы, Аңдықожа батыр ауылының маңынан табылды. Полициямен мұндай үш факті тіркелді, үш жағдайда да жоғалған мал еркін жайылымда табылды, олар иелеріне қайтарылды.
Қылмыстық істер қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Полицейлер бақылаусыз мал жаю жиі жол-көлік оқиғасына себеп болатынын атап өтті. Кейбір мал иелері үй жануаоларын қараусыз қалдырып, еркін бағуға жібереді, ал кейбір жағдайларда түнгі уақытта да менмендікпен қараусыз қалдырады. Тәртіп сақшылары облыстың барлық тұрғындарына үй жануарларына жарық шағылыстырғыштарды тағу мен тиісті түрде жаюды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауды сұрайды