Ақмола облысы жолдың көлік жүретін бөлігінде тұрған жүргізуші ЖКО салдарынан қайтыс болды

Ақмола облысы  жолдың көлік жүретін бөлігінде тұрған жүргізуші ЖКО салдарынан қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасы ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Аршалы ауданы Ижевское ауылының маңында орын алды.Келген жедел-тергеу тобы "Екатеринбург-Алматы" автожолында 35 жастағы "Howo" автокөлігінің жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласы бағытында келе жатып, жолдың жүріс бөлігінде тұрған "Renault Trafik" маркалы автокөлігімен соқтығысқанын анықтады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 44 жастағы көлік жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы"бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.