
Естеріңізге сала кетейік, 31 наурыз сағат 19.00-ден бастап Ақмола облысының аумағында уақытша сипаттағы карантиндік шектеу шаралары енгізілуде. Осы кезеңде бірқатар ерекшеліктерді қоспағанда, барлық автокөлік құралдары мен азаматтардың Ақмола облысының аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады.
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Қазақстан заңнамасында бірқатар әкімшілік жаза қарастырылған, дегенмен, Ақмола полицейлері күн сайын тұрғындардың белгіленген талаптарды елемейу фактілерін тіркейді.
Атап айтқанда, 2020 жылдың 29 наурызында Нұр-Сұлтан-Қосшы тас жолының бойында жаяу тәртіп бұзушы ауыл жолдарын пайдалана отырып, карантиндік аймақ аумағының шекарасын кесіп өтуге әрекет жасады.
Жалпы ҚР аумағында төтенше жағдай енгізілген күннен бастап, ҚР Әкімшілік Кодексінің «Төтенше жағдай режимін бұзу» 476-бабына сәйкес белгіленген талаптарды бұзғаны үшін 28 іс қозғалды. Әкімшілік жауапкершілікке 23 ойын-сауық орындарының иесі, 5 карантиндік аймаққа кіру тәртібін бұзушы тартылды.
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік Кодексінің 476-бабының санкциясы ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Сондай-ақ, облыс шекараларына кірме жолдарда уақытша сипаттағы карантиндік шектеу шараларын енгізе отырып, 8 блок бекетін, ал облыс орталығының шекарасында 12 блок бекетін орнату жоспарлануда.
Криминогендік және қоғамдық-саяси жағдай шиеленіскен жағдайда арнайы жедел жоспарлар, сондай-ақ Полиция департаментінің Құрама жасағы және Ұлттық ұланның 5510 ә/б әскери қызметшілері дайындыққа келтірілді.