ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Ақмола полицейлері мен жас кадеттер құрметті полиция ардагерін Алғыс күнімен құттықтады.

28 Ақпанда ең бірінші көктемгі мереке – Алғыс күні қарсаңында Ақмола тәртіп сақшылары Көкшетау қаласының №11 орта мектебінің әскери – патриоттық сынып оқушыларымен ішкі істер органдарының құрметті ардагері отставкадағы милиция полковнигі Жулькен Рашитовпен кездесті.

Полиция департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Дәуітбек Нұрғалиев ақсақалды мерекемен құттықтап, зор денсаулық және өмірлік оптимизм тіледі. Кадеттердің өнер көрсетуі нағыз тосынсый болды. Оқушылар ардагерге өлең оқыды, ал полицейлер сыйлықтар табыс етті.

Жулькен Рашитұлы кадеттерге осындай күтпеген және жағымды тосын сый үшін алғысын білдіріп, балаларға өз Отанының қорғаушылары болуға тілек білдірді, ал полиция қызметкерлері аға ұрпаққа үнемі қамқорлық жасағаны үшін алғысын білдірді.

Жулькен Рашитұлы 1932 жылы Көкшетау ауданының Жолдыбай ауылында дүниеге келген. Оның балалық жылдары соғыс және соғыстан кейінгі уақытқа келді. Барлық кеңес азаматтарынан батылдық пен табандылық талап етілді, дәл осы жылдары болашақ милиционердің мінезі шынықты, маңызды болып табылатын оның моральдық принциптері және туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі қалыптасты.  Бала үшін қиын еңбек жағдайлары оны қажытпады, алдағы жылдарға шынықтырды. Кәмелетке толған соң, Жулькен Рашитұлы Кеңес Армиясы қатарында қызмет етеді. Ал демобилизациядан кейін ішкі істер органдарына орналасты.

32 жыл милициядағы мінсіз қызметі, бұл ардагердің өтілі. Адалдық, сатылмаушылық, міндеттілік-ол қайда жұмыс істесе де, Жулкен Рашитұлына тән қасиеттер. 

Бүгінде ардагер әлі күнге дейін күш-жігеріне толы, естеліктерімен бөлісіп, ішкі істер органдарының қалыптасуының бастауында тұрған жолдастары туралы әңгімелейді.

Дата публикации
01 марта 2020
Дата обновления
01 марта 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Ақпарат
29 сентября 2020
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына қызметке тұру туралы ақпарат

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы