Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін жеке басын куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж алу объектілері мен мөлшерлемелері бөлігінде түзетулер көзделгенін хабарлаймыз.
Кодекстің 664-бабы 1-бөлігі 8)-тармақшасына сәйкес босқын куәлігін, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет және жарамдылық мерзімінің аяқталуы бойынша беруді қоспағанда, жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж алынады.
Осылайша, ҚР азаматының жеке куәлігін алуға алғаш рет өтініш білдірген адамдар (16 жасқа толғанда, оның ішінде 18 жастан асқан адамдар; 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортыныңнегізінде немесе оны жоғалтуына байланысты қалпына келтіру; Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау), сондай-ақ жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты ауыстырған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Сонымен қатар, Кодекстің 667-бабы 3-бөлігі 2)-тармақшасына сәйкес1 (бір) жылдың ішіндеекі реттен көп жоғалуына байланыстыжеке куәлікті бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 0,2 АЕК орнына 1 АЕК құрайды.