Көші-қон қызметі бөлімшелерінің, атап айтқанда, Сандықтау және Есіл аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлеріне Ақмола облысының тұрғындары Александр Николаевич Рысаев пен Игорь Яковлевич Ковалев алғыс айту сөздері жазылған бейнежазбалар келіп түсті.
Рысаев Александр мен Ковалев Игорь 1974 жылғы үлгідегі паспорт бойынша тұрды, ағымдағы жылдың күзінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылып, жеке куәлікпен құжаттандырылды.
Еске сала кетейік, Ақмола облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы астанаға іргелес өңірлерде мәртебесі реттелмеген тұлғаларды анықтау бойынша кең ауқымды акция өткізуде.
Бұл санатқа еліміздің ТМД елдерінің бірінің жарамсыз паспорты бар азаматтар, сондай-ақ 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын уақтында ауыстырмаған азаматтары кіреді, көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарын ресімдеумен айналысады. Тәртіп сақшылары осы санаттағы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгінуді ұсынады, онда оларға консультация беріледі және Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарын ресімдеу үшін қажеттінің бәрін жасайды.