Есіл ауданының полиция бөлімінің "rop_esil" ведомстволық аккаунтына туысқандарын іздеуге көмектескені үшін тәртіп сақшыларының атына алғыс сөздерімен бейнеүндеу келіп түсті. Әйелдің айтуынша, екі айға жуық уақыт бойы олар ағасын өз бетінше іздеді. Алайда, сәтсіз әрекеттерден кейін жәбірленуші полицияға жүгінді.
"Ағымдағы жылдың 18 тамызында Есіл ауданының ПБ кезекші бөліміне Кононец Антонина Михайловнадан ағымдағы жылдың 27 маусымында Есіл ауданының Красивое ауылында тұратын 59 жастағы ағасының үйден белгісіз бағытта кетіп қалғаны туралы өтініш келіп түсті. Айта кету керек, ер адам психикалық ауытқулардан зардап шеккен және 2-топтағы мүгедек...",- дейді Есіл ауданының ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция аға лейтенанты Алмаз Абдухаиров.
Полиция тарапынан із-түзсіз жоғалған адамды іздеуге барлық күш-жігер жұмсалды. Полиция қызметкерлерінің жедел және сауатты әрекеттерінің арқасында ер адам бір тәуліктен кейін іздестірілді. Оның қайда екендігі туралы бірден туыстарына хабарлады.
Өтініш авторы қызметкерлерге зор алғысын білдірді. Оның айтуынша, қызметкерлер өте дұрыс болды, оларға үлкен құрметпен және әрине түсіністікпен қарады.
Антонина Михайловна барлық тәртіп сақшыларына және олардың отбасыларына мықты денсаулық, біздің заманымызда қиын қызметте үлкен табыс тіледі.