Қуанған бойжеткен ақмолалық полицейлерге жоғалтқан ақшалай қаражатын тапқаны үшін шынайы алғысын білдірді

Егіндікөл ауданында тұратын Айдана Тасқынбаева жақында жоғалған ақша қаражатын тапқан адамдарды анықтаған полицейлерге алғыс айтты.

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Егіндікөл ауылының тұрғыны полиция бөліміне Жамбыл көшесі бойынша үйге қайтып келе жатып, 22 000 теңге сомасында ақша жоғалтқаны туралы хабарламамен жүгінді және жоғалғаны анықталғаннан кейін бірден көмек сұрады.

Дереу Егіндікөл полиция бөлімінің қызметкерлері куәлардан жауап алып, бейнебақылау камераларын қарады. Осылайша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өтініш беруші жоғалтқан ақшаны тапқан адамдар анықталды. Осы азаматтармен профилактикалық әңгіме өткізілгеннен кейін қаражат иесіне қайтарылды.

Дата публикации
17 сентября 2020