Ақмола облысының Полиция департаментіне Көкшетау қ. 60-жастағы тұрғындарынан алғыс келіп түсті. Алғыс сөздері Көкшетау қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері полиция кіші сержанты Нурхан Бектурсыновқа жолданған болатын. Полиция қызметкері шақыруға тез арада келіп, өз үйінде қамалып қалған зейнеткерлерге психологиялық қолдау көрсетіп, құлыптың бұзылуын жойған.
Біреулер полиция қызметкерінің осы қылығында ерлік жоқ және тәртіп сақшыларының міндеттеріне азаматтардың құқығын қорғау деп айтар, дегенмен қызметкерлер үшін халықтан осындай жылы сөздерді, сонымен қатар ынталандыратын алғыс сөздерді есту айрықша екендігін атап өтеміз.
2020 жылдың 30 қыркүйегінде егде жастағы әйел денсаулығының нашарлағанын сезініп, емханаға баратын болды, үйден шыға бергенде құлып бұзылды, әжей мазасыздана бастады және есіктің басқа жағынан жабылғанын ойлады. Өз бетімен ескіті ашудан нәтиже болмағандықтан, ол осы кезде «102» пультіне қоңырау шалды.
«Арман-1» экипажы шұғыл келді. Полицейлермен үйге өз беттерімен кіруге шешім қабылданды. Полиция кіші сержанты Нурхан Бектурсынов механикалық бұзылуы бар құлыпты ұқыпты ашып, әйелге моральдық көмек көрсетті, оны тыныштандырып, құлыпты жөндеп берді.
«Менің жұбайым екінші топтың мүгедегі, біз онымен қатты шошып кеттік» - деп жазды Шолпан Каирбайқызы. – Нурхан осы кезде бізге құлыпты жөндеп, тыныштандырып, дәрігердің де көмегін көрсетті. Сіздің қызметкерлер және полиция кіші сержанты Нурхан Бектурсынов үшін алғыс айтамыз, оның осындай әрекеті қазіргі кезде өте қажет».