Тұрғындардан тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша АКЦИЯ

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Ақмола облысының аумағында тұрғындардан тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша АКЦИЯ өткізіледі.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азаматтар Көкшетау қаласының басқармасына немесе учаскелік полиция пунктіне жазбаша өтінішпен жүгінуі қажет.

Өтініште өзінің деректері, тапсырылатын қару-жарақ заттарының атауы, маркасы, колибрі, қару нөмірі, оқ-дәрілер саны көрсетіледі.

Өтінішке қоса берілетін қажетті құжаттардың тізбесін полиция қызметкері түсіндіреді.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай мөлшерде сыйақы белгіленеді:

1) Автоматты ойық атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 100 АЕК-ке дейін;

2) ойық ұзын ұңғылы атыс қаруының (винтовкалар, карабиндер) әрбір бірлігі үшін 50 АЕК-ке дейін;

3) қысқа ұңғылы ойық атыс қаруының (тапаншалар, револьверлер) әрбір бірлігі үшін 40 АЕК-ке дейін;

4) тегіс ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 30 АЕК-ке дейін;

5) травматикалық тапаншаның немесе револьвердің әрбір бірлігі үшін 10 АЕК-ке дейін;

6) әрбір граната, мина, жарылғыш құрылғы және артиллериялық снаряд үшін 7 АЕК-ке дейін;

7) жарылғыш заттардың әрбір 1000 граммы үшін 6 АЕК-ке дейін;

8) 5,6 мм калибрден асатын ойық патрон үшін 1/35 АЕК-ке дейін.;

9) 5,6 мм калибрлі ойық патрон үшін 1/115 дейін.

Ескерту: ҚР заңнамасына сәйкес ағымдағы жылдың 01 қаңтарына 1 АЕК 2778 теңге сомасында белгіленді.

Ең бастысы, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады!

Сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 25-78-05, 29-96-00,            8-747-99-44-754

 

 

Дата публикации
14 августа 2020