Көкшетау тұрғыны полицейлерге оның қызы мен немересін іздеуге көмектескендері үшін алғыс айтты

Жедел жұмысы және өзінің қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін әйел Көкшетау қ. Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары полиция лейтенанты Самат Айдапкелов пен Аслан Негметжановқа алғысын білдірді.

Оның айтуынша, 13 шілдеде оның қызы және немересі үйіне қонаққа келген, бірақ отбасында дау-жанжал болып, одан кейін қызы баланы алып үйінен кетіп қалған. Олармен байланыс үзілді: телефон қоңырауына жауап бермеді, үйге қайта оралған жоқ. Қызы мен немересінің келуін күтпестен, мазасызданған ана  полицейлерге көмек сұрап жүгінді, тәртіп сақшылары дереу іздеу шараларын жүргізе бастады.

Тәулік бойы арнайы құрылған топтар облыс орталығының аумағын тексеріп, қалалықтардан сұрастырып, жедел іс – шаралар кешенін өткізді.

Келесі күні полиция лейтенанттары Самат Айдапкелов пен Аслан Негметжанов Көкшетаудың жалдамалы пәтерлерінің бірінен жоғалып кеткендерді тапты. Бақытымызға орай, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп болмады және олар анасына аман-есен оралды.

Таңданып қалған әйел өзінің проблемасына бейжай қарамаған және қиын жағдайда көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

Дата публикации
22 июля 2020