Қайғылы оқиғаға әкеп соғуы мүмкін оқиға 09 шілдеде "Екатеринбург - Алматы" тас жолында орын алған. Құрамында патрульдік полиция батальонының инспекторлары полиция лейтенанты Медет Шаймерденов пен полицияның кіші лейтенанты Данияр Сәкенов бар "Тұлпар - 4" экипажы республикалық тасжолды түнгі автопатрульдеуге кірісті.
Шамасында сағат 23.00-де жолдың 1096 шақырымында Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған Қостанай қаласының 32 жастағы тұрғыны "DAF" маркалы автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкеріне жүгінді. Жүргізушінің айтуынша, қозғалыс кезінде ол өзін нашар сезіне бастады, полиция қызметкерлерімен сөйлесу кезінде ер адам күтпеген жерден есінен танып қалған.
Тәртіп сақшылары жағдайдың ауырлығын түсіне отырып, жүргізушіні қызметтік автомашинаға отырғызып, оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлады, ер адамды жақын маңдағы емдеу мекемесіне жеткізу туралы шешім қабылдады.
Бақытымызға орай, тәртіп сақшыларының дер кезінде көрсеткен көмегі қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік берді: ер адам дәрігердің қолына берілді және оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қызмет атқару кезінде мұндай сәттер жиі орын алады: "...қыста қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмектесеміз, көлік құралдарындағы ақауларды бірге жөндейміз, жүргізушілер мен жолаушыларды қызметтік автокөліктерде жылытамыз, ал жазда жол бойында істен шыққан автокөліктерге көмектесеміз..."-дейді тәртіп сақшылары.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары фураның және ондағы жүктің сақталуын қамтамасыз еткенін айта кету керек.