Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсеткендері үшін Көкшетаудың полицейлеріне алғыс айтты.

Алғыс хат Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Арманбек Баймурзиннің атына келіп түсті. Оның авторы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шамшидинова, ол полиция қызметкерлеріне Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізуге қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

"...Бүгінгі таңда, Сіздердің көпшілігіңіз санитариялық – эпидемиологиялық нормалардың сақталуын және ел халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жоғары қауіп жағдайында күнделікті жұмысты жүзеге асыра отырып, алдыңғы қатарда жұмыс атқарып жүрсіздер. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз, патриотизм және борыш сезімі, қазақстандықтардың өсіп келе жатқан ұрпағына үлгі болып табылады...", - делінген хатта.

Биылғы жылы карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты дәстүрлі конкурстық іріктеу өткізу білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін де, мектеп оқушылары үшін де жаңа жағдайларда өтті. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ-ның өтініші бойынша Көкшетау қаласының полиция басқармасының полицейлері, атап айтқанда ювеналды полиция инспекторлары үміткерлердің қауіпсіздігін және барлық қауіпсіздік нормаларын сақтауды қамтамасыз етті. Екі күн бойы тәртіп сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.

"...Сіздер қолдау көрсетпеген жағдайда, біз үшін бұл шараны тиісті деңгейде ұйымдастыру қиын болар еді. Еліміздің зияткерлік әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз...", - деп түйіндеді сөзін автор К.Н. Шамшидинова.

Дата публикации
02 июля 2020