Полицейдің жедел іс-қимылдары және ақмолалықтың қырағылығы арқасында балаларға қауіп төндірген қайғылы оқиғадан құтылды

2020 жылғы 24 мамырда Целиноград АПБ учаскелік полиция инспекторы лейтенант Даул Әбдірахмановқа көмек сұрап, алаңдаулы қыз жүгінді.

Қосшы тұрғыны, кейіннен анықталғандай, 23 жасар Сымбат Жағыпарова тұрғын үй ауласының жанынан өтіп бара жатып, 5 - ші қабаттың терезесінде кішкентай қыздың ашық терезенің алдында тұрғанын көргенін айтты.

Полицей дереу баланың мекенжайына бет алды, және де пәтердің есігі ішкі жақтан жабылып жатқанын анықтады, сондай-ақ есіктің саңылауынан күйік иісінің шығып жатты. Учаскелік полиция қызметкері жабық есік арқылы қорқып отырған балаларға есікті қалай ашу керектігі жөнінде тез арада түсіндірді.

Түтін басқан пәтерге кіріп, тәртіп сақшысы бірінші кезекте терезенің алдына тұрып, таза ауаны іздеген 6 жасар қызды, сонымен қатар 8 жасар ағасын қауіпсіз жерге шығарды. Анықталғандай балалардың анасы алкогольді масаю жағдайында болып, жанып тұрған пеште тамақпен кастрюльді қалдырып ұйықтап қалған. Полиция лейтенанты өз күшімен өрт қаупінің алдын алды, осы уақытта полицейдің әріптестері де келді.

Осылайша, полиция қызметкері мен Қосшы ауылының тұрғыны шебер, кәсіби және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында балалар мен олардың анасының өмірі құтқарылды.

 

Дата публикации
29 мая 2020