Көкшетаудың ірі сауда үйлерінің біріне қызмет көрсететін "Комбат" күзет фирмасының қызметкерлері Көкшетау тұрғынының қылмыстық ниетінің дер кезінде жолын кесті.
17 мамырда күзет фирмасының пультіне сауда үйінің бөлмесіне кіруге әрекет жасалғаны туралы дабыл түсті. Оқиға орнына жедел топ шықты, сауда үйіне патрульдік полиция батальонының ең жақын экипажы жіберілді.
Сауда үйінің ғимаратына келген полиция қызметкерлері мен күзетшілер 1961 жылы туылған жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 24-бабы 3-бөлігі-188-бабы 1-бөлігі (ұрлық жасауға оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция мен жеке күзет фирмаларының тиімді ынтымақтастығы бірінші жылдан бері жалғасып келе жатқанын атап өткен жөн. Күн сайын полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті сақтауға 5 "боран" мобильдік тобы келіп түседі, олар жеке ұйымдардың пультіне келіп түсетін дабыл сигналдарына, сондай-ақ көшедегі құқық бұзушылықтар мен мүліктік қылмыстар жасау фактілеріне шығуды жүзеге асырады.
Тек осы жылдың өзінде жеке күзет фирмалары қызметкерлерінің көмегімен өңір аумағында 12 қылмыс ашылды, оның ішінде ұсақ ұрлық, бөтеннің мүлкін ұрлау, бұзақылық, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар. Сонымен қатар, 150 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.