2020 жылдың 6 мамырында Ақмола облысының полиция департаментінде Көкшетау қаласының еріктілерін марапаттау рәсімі өтті. Департамент бастығы генерал-майор Арманбек Баймурзин ведомство қонақтарына төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету ісіне ішкі істер органдарына белсенді азаматтық ұстанымы мен жәрдемдесуі үшін алғысын білдірді. Арманбек Хакімбекұлы Қазақстан қоғамының игілігі үшін одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Салтанатты жағдайда ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың атынан алғыс хатпен Ақмола облысы тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Омар Шоназаров, еріктілер қозғалысы орталығының үйлестірушісі, "Қоғамдық келісім" КММ маманы Динара Какпенова, еріктілер - Берік Ақылбаев, Иван Дубейко, Дмитрий Романов марапатталды.
Айта кету керек, халықтың қажеттіліктеріне жедел ден қою, ашықтық және нәтижелі диалогқа ұмтылу облыстық полиция департаментінің саясатында басым болып табылады. Тәртіп сақшылары тұрақты негізде қоғамдық ұйымдармен ынтымақтасады.
Еріктілер жылы қарсаңында, 2019 жылдың 27 қыркүйегінде Ақмола облысының полиция департаменті мен еріктілер ұйымы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Осы уақыттан бастап Көкшетау еріктілері қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысады, ал пандемия жағдайында Көкшетау қаласының айналасындағы блокпосттарда кезекшілік еткен полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлері үшін тамақ жеткізуді жүзеге асырды.
Еріктілердің із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуге көмектесуін де ескеру қажет, бұл іздеу ауданын кеңейтуге, жергілікті тұрғындардан тезірек сұрақ қоюға және сайып келгенде апатқа ұшырағандарды құтқаруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, еріктілер есірткі сайттарының атаулары жазылған жазбаларды бояуға көмектеседі және осылайша есірткі қылмыстарына қарсы күреске өз үлестерін қосады. Жалпы, жыл басынан бері полиция мен еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында көптеген ауыр құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алды.