Ұрланған автокөліктің иесі-Көкшетау қаласының тұрғыны өз меншігін жедел тауып алған және қайтарған полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдіреді.
Автомобильдің иесі 2020 жылдың 18 наурызы таңертең көлігінің ұрланғанын көрген. Бұл күні әйел Көкшетау қаласының полиция басқармасына жеке үйдің ауласында тұрған гараждан "Toyota RAV-4" автокөлігінің жоғалғаны туралы арызданды.
Автокөлікті ұрлаумен қатар, ұрылар қазандық терезесі арқылы коттедж аумағына кіріп, жәбірленушінің жеке заттарын ұрлап кеткен. Зардап шеккен адам шығынды 17 млн. теңгеге бағаланды.
Айта кету керек, қаскүнемдердің бірі әйел өз үйінің кіреберісінде қылмыс үстінде соқтығысып, үй иесін көріп, қашуға асыққан.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жедел уәкілдер күдіктілердің бірінің жеке басын анықтады.
Сонымен қатар патрульдік полиция батальоны "Тосқауыл" жоспарын енгізді, ал 10 минуттан кейін тәртіп сақшылары басқа қылмыскердің ізіне шығып, ұрланған автокөліктің орнын анықтауға мүмкіндік алды.
Осылайша, құрамында Көкшетау қаласының ППБ взвод командирі полиция капитаны мен ППБ қызметінің инспекторы лейтенант бар автопатруль экипажы екінші күдіктіні қолға алып, криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлеріне берілді.
Көкшетау қаласының 31 және 33 жастағы тұрғындары, екеуі де бұрын бірнеше рет сотты болған.Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.