Үй жануары иелерінің жауапсыздығынан зардап шеккен жәбірленушілер полиция қызметкерлерінің кәсібилігі үшін алғыс білдірді!

Ақмола облысы Полиция департаментіне Степногорск қаласының тұрғындарынан Ақкөл АПБ Әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Асылбеков Арман мен Джанбаев Айдосқа қатысты алғыс хат келіп түсті. 

Жол-көлік оқиғасына тап болған отбасылық жұп хатта өздерінің қызметтік міндеттерін адал орындаған және жеделдік танытқан полиция қызметкерлеріне алғыс білдірген.

2019 жылдың 15 қазанында отбасылық жұп Тамара мен Сергей өздерінің Volkswagen Passat автокөлігімен  Степногорск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауруханаға жолға шыққан. Жолдың 81 км-де Кеңес кентінен алыс емес жерде табыннан бөлініп шыққан бір жылқы көлік жолына атып шығып, жоғарыда аталған машинаға соғылған. Машинамен соғылысу салдарынан жануар сол жерде өлген, ал көлікке елеулі нұқсан келтірілген. Қуанышқа орай, жүргізуші мен жолуашы дін –аман.

«Полиция қызметкерлері ЖКО туралы хабарды ала салысымен бірден келді. Барлық іс жүргізушілік құжаттарды сауатты толтырып,  тәулік ішінде кінәлі тұлғаларды анықтады, сондай-ақ келтірілген залал соммасын қайтарып алуға көмек көрсетті»-деді Тамара Козлова.

Жылқыға ешқандай ен салынбағандықтан мал иесін анықтау оңай болмаған. Алайда полиция қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында мал иесі анықталып, жәбірленуші тарапқа зала соммасы қайтарылған.

 «Біздің өтінішімізді назарсыз қалдырмағандары үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдіргім келеді! Дәл осындай сәттерде полиция қызметкерлерінің тек жазалаумен айналысатын орындаушылар емес, кез келген сәтте қол үшін беруге дайын адамдар екенін түсініп жатамыз.»- деді хат авторы. 

Дата публикации
10 марта 2020