Бақыт Нұртазақызы егде жаста жалғыз қалды. Көп ұзамай, қарт әйел жалғыз қызынан айырылды. Жалғыз тұратын зейнеткер материалдық қиындықтарға тап бола отырып, облыс орталығындағы көпқабатты үйдегі пәтерін ауылдағы жеке меншік үйге айырбастауды шешті.
Осылайша, жаңа тұрғын үйге көшу уақыты елде карантин кезеңіне тура келді. Бақыт Нұртазақызының айтуынша, қалған туыстары Қазақстанның басқа қалаларында, яғни Павлодар және Астанада тұрады және карантиндік іс-шараларға байланысты туысқандарына көшуге көмектесу үшін шығуға мүмкіндігі жоқ.
Ал жаңа пәтер иелері сатып алған пәтерін босатып, 22 сәуірге дейін көшуге соңғы мерзім берді.
Бақыт Нұртазақызы Ақмола облыстық Полиция департаментінің басшылығына Атбасар қаласындағы ауылға жүкті кедергісіз тасымалдауды ұйымдастыру бойынша көмек көрсетуді өтінді. "Күн сайын жылаймын, кім көмектесетінін қайдан табуға болады...сені балам ретінде сұраймын", - дейді ол генерал-майор Арманбек Баймурзинге жазған хатында. Жалғыз қарт адамнан әсерлі хат алғаннан кейін тәртіп сақшылары жедел түрде көмек көрсетті.
Басшылықтың өкімін алып, ПД ЖПҚБ жол қозғалысын ұйымдастыру және қадағалау тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Амангелді Жараспаев мекенжайға келіп, жағдайды зерделеп отырды.
Полиция қызметкері жедел түрде қартты газель көлігімен қамтамасыз етті, ал Көкшетау қаласының ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері әженің мүлкін жинап, көлікке тиеді.
"Көкшетау-Атбасар" тас жолы бойында үш блокбекет бар, біреуі қаладан шыға берісте, екіншісі Зеренді ауылына кіре берісте, үшіншісі Атбасар қаласының алдында, полиция қызметкерлері әженің мүлкін және оның жүгі бар машинамен кедергісіз жүруді ұйымдастырды.
Полиция қызметкерлері Жүргізуші-тасымалдаушымен жолаушының баратын жеріне дейін жеткізу сәтіне дейін барлық жол бойында байланыста болды.
Қазіргі уақытта Бақыт Нұртазақызы жаңа орында орнығып, тәртіп сақшыларына адамгершілік танытқаны және уақытында көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді: "Мен осындай ұлдарды өсірген аналарға алғысымды білдіремін..." - деді зейнеткер.