Ақмола полицейлері визасыз тәртіп ережелерін өзгертуді түсіндірді
Науқастар мен жұқтырған адамдардың ҚР-ға кіру қаупінің артуын ескере отырып, сондай-ақ біздің елімізде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында ҚР Үкіметі 2020 жылғы 1 қарашаға дейін шетелдік азаматтар үшін 72 сағаттық визасыз режимнің күшін жою туралы қаулы қабылдады.
2020 жылғы 17 сәуірде ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер күшіне енді.
Осы қаулымен 57 мемлекет азаматтарының Қазақстанға визасыз келуінің және бұрын ҚХР мен Үндістан азаматтары үшін енгізілген Қазақстанға келудің, болудың және кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Үндістан мен Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілген болатын.
Қаңтар айының соңында бұл режим коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты қытай азаматтары үшін тоқтатылды.
Біздің елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілген күннен бастап көліктің барлық түрлерімен кіруге және шығуға шектеулер қойылды.
31 наурыз күні сағат 19.00-ден бастап Ақмола облысында карантин режимі енгізілді, осыған байланысты барлық автокөлік құралдары мен азаматтардың Ақмола облысының аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынды.