Өткен жылдың желтоқсан айында Көкшетау қаласының шетінде полиция қызметкерлері «Бомба» салған кезде (ішінде есірткі заты бар түйіншектер салынған бірнеше пакеттен оралған фольга немесе изолента бомбасы) 21 жастағы астаналық тұрғын ұсталды, одан фольгамен оралған 6 полиэтилен пакет алынды, оның ішінде А – PVP психотроптық заты бар 120 өлшеп-оралған пакет болды.
«Көкшетаудағы ер адам жалға алған пәтерден ұқсас заты бар екі полиэтилен түйіншек, синтетикалық есірткіге малынған 59 дана марка және есірткінің массасын өлшеуге және өлшеп-орауға арналған құрылғылар табылып, тәркіленді. Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 213,67 граммды құрады", - деді облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Мейрам Жапбасов.
Сараптама қорытындысы бойынша, ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.