«Сіздердің жұмыстарыңыз үшін үлкен рахмет! Мүмкін, сіз үшін бұл қарапайым жағдай, бірақ мен үшін өте маңызды. Тыңдап, жедел жауап беріп, затымды тауып бергеніңіз үшін рахмет» деп Сания Кауатай Көкшетау қаласының полиция басқармасына учаскелік инспектор полиция капитаны Балабеков Мергеннің атына алғыс айтты.
Көп балалы ананың айтуынша, жақында ол таксиде түсіріп алып ұялы телефонын жоғалтқан. Гаджет жаңа болмаса да, онда сақталған ақпарат әйел үшін маңызды болды. Сондай-ақ әйелдің жаңа телефон сатып алуға қаражат болмады. С. Қауатай учаскелік инспектор М.Балабековке жүгінген, ал ол өз кезегінде, әйелді мұқият тыңдап, бірден ұялы телефон іздеуге кірісті. Қызметкердің сауатты әрекеттерінің нәтижесінде смартфон сол күні табылып, иесіне қайтарылды.