23 қараша күні сағат 16.00-17.00 аралығында Нұр-Сұлтан-Щучинск автожолының 80 шақырымында Петропавловск қаласына бара жатқан "Volvo" маркалы ауыр жүк көлігінің жүргізушісінде автокөлігі жүрмей қалды. Машинаның дөңгелегінің желі шыққан және сыртқы резеңкесі жыртылған. 13 градус аязда жүргізуші жөндеу жұмыстарын аяқтай алмады, өтіп бара жатқан машиналарды тоқтату әрекеттері сәтсіз болды, сол уақытта жолдың осы бөлігін патрульдеген полиция қызметкерлері оған көмекке келді.
Патрульдік қызмет инспекторы капитан Илюбаев Азамат инспектор кіші лейтенант Абдуқайыров Әділет қала сыртындағы жолда бірнеше жыл қызмет етеді, сондықтан ауыр автотехникамен жұмыс тәжірибесі болды.
Бір сағат ішінде бірлескен күш-жігермен дөңгелек ауыстырылып, тасымалдаушы жолды жалғастыра алды. Қызметкерлер жүргізушіге жол амандығын тілеп, келгеннен кейін оларды хабардар етуді сұрады. Тәртіп сақшыларымен қоштасып, ер адам жедел көмек көрсеткені үшін полицейлерге алғыс сөздерін бейнеге жазуға ниет білдірді, ал кетіп бара жатып, оларға қызметте табыс тіледі.
Азамат пен Әділет өзінің іс-әрекетін ерекше деп санамайды, қызмет ету кезеңінде әртүрлі жағдайлар туындайды, ал ең бастысы мұндай жағдайларда немқұрайлы қалмай, мұқтаж адамдарға көмекке келу дейді.