Ақмола облысының тұрғыны полицейлерді ұлын табысты іздеп бергені үшін алғыс айтты

Астрахан аудандық полиция бөлімінің «op_astrahanskogo_raiona» ведомстволық аккаунтына ұлын іздеуге көмек көрсеткені үшін бөлім полициясына бейнеөтініш пен алғыс хат келіп түсті.

Анықталғандай, 2020 жылдың 25 қарашасында Астраханка ауылының 70 жастағы тұрғынынан 2020 жылдың 24 қарашасында сағат 21.00-де үйден кетіп, қайтып оралмаған 41 жастағы ұлын іздеуге көмек көрсету туралы телефон хабарламасы түскен. Себебі ер адам үшін үйге келмеу тән емес, уайымдаған анасы полиция бөліміне көмекке жүгінді.

Әйелдің айтуынша, ол баласы үшін қорқып кеткен. Алайда, жауапты тәртіп сақшылары тез келіп, бірден ұлын іздеуге кірісті.

Полиция тарапынан хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеуге барлық күш-жігер жұмсалды. Полиция қызметкерлерінің жедел және сауатты іс-әрекеттерінің арқасында ер адам бір тәуліктен кейін табылды. Орналасқан жері туралы, бірден анасына хабарланды. Үндеу мен хаттың авторы қызметкерлерге зор ризашылығын және зор алғысын білдірді. Әйел барлық тәртіп сақшыларына табысты жұмыс, денсаулық, қызметте жоғарылау және отбасында амандық тіледі.

Дата публикации
27 ноября 2020